Оферта келісімшартымен танысып, таныстым деген белгіні басыңыз

ОФЕРТА КЕЛІСІМШАРТЫ


1.Негізгі ережелер
1.Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 395 бабына сәйкес, осы Келісімшарт жария офертаға жатады (ары қарайғы мәтінде «Оферта»), бұдан әрі «Орындаушы» болып жазылатын «QAZAQ GOURMET» (бұдан әрі - Мейрамхана) атауындағы мейрамхана атынан тамақ, азық-түлік және сусын сататын, Мейрамхананың жекелеген ғимараттарын жалға беретін, сондай-ақ, осы Оферта көздейтін шарттар негізінде тапсырыс берушіге осы қызметтерді жеткізетін «ГЕНЕЗИС ГУРМЭ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресми ұсынысын білдіреді.
2.Осы айтылған шарттарды қабылдаған жағдайда жеке тұлға осы Офертамен келісе отырып, ҚР АЗ 396 бабының шарттарына сәйкес, Орындаушының мәзірін және сервиісін пайдаланады. Мейрамхананың мәзірі бойынша тапсырыс берген, Мейрамхананың ішінен үстел брондап және оның ғимараттарын жалға алған адам осы Келісімшартпен (бұдан әрі - Акцепт арқылы )толық және сөзсіз келіскен болып саналады.

3.Осы келісімшарттың акцепті Тапсырыс беруші осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін, Келісімшартқа қол қойғанын және оның бүкіл ережелерін қабыл алғанын білдіреді. Осы айтылғандарды ескере отырып, Тапсырыс беруші Офертаның мәтінімен мұқият танысып алғаны абзал, өйткені, Офертаның қандай да бір пункттерімен келіспеген жағдайда, ықтимал Тапсырыс беруші Орындаушыға қызмет немесе тауарларды сатып алудан бас тарту ұсынылады.



2. Терминдер мен анықтамалар
4. Егер мәтінде басқа мағына болмаса, осы Офертадағы төменде жазылған терминдердің анықтамасы мынандай болады:
«Орындаушы» - Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес құрылған және мейрамхана бизнесі саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын «ГЕНЕЗИС ГУРМЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН: 220640033210)

«Тапсырыс беруші» - «QAZAQ GOURMET» (бұдан әрі - Мейрамхана) атауы бар мейрамханадан тағам, азық-түлік және сусындар тапсырыс беру арқылы, Мейрамхананың жекелеген мекемелерін жалға алатын, сондай-ақ, тапсырыс берушіге жеткізу қызметін таңдау арқылы төменде жазылған шарттар негізінде осы Офертаны қабылдайтын құқық қабілеті бар жеке тұлға.

«Тауарлар» - Тапсырыс беруші сатып алатын Мейрамхана мәзіріндегі Орындаушының мейрамханасында бар тағам, азық-түлік, жартылай фабрикатты тағамдар мен сусындардың тізімі.

«Тапсырыс» - Тапсырыс берушінің Орындаушымен көзбе-көз кездесіп, немесе телефон арқылы сөйлесіп, Мейрамхана мәзірінен таңдаған тағам, азық-түлік пен сусындарды сатып алу туралы Тапсырыс берушінің сұранысы.

«Ғимарат» - белгіленген уақытқа ақысын төлей отырып Тапсырыс берушіге жалға берілетін Мейрамханаға қарасты кеңістіктің бір бөлігі.



3. Офертаның мәні

5.Орындаушы Тапсырыстағы тағамды/тағамдарды, азық-түлік пен сусындарды дайындап, жеткізіп беруге міндеттеледі, ал, Тапсырыс беруші Тапсырысты қабылдап, осы Офертаның шарттарына сай Тапсырыстың ақысын төлеуге міндеттеледі.
6. Мейрамхананың жекелеген мекемелері жалға берілген жағдайда, Орындаушы сол жерді алдын ала келісілген мерзімде және Мейрамхананың жұмыс кестесені сай уақытқа ұсынуға міндеттеледі, ал, Тапсырыс беруші осы Офертаның шарттарына сай жалға алу ақысын төлеуге міндеттеледі.
7. Мейрамхананың түгелдей жалға алу, немесе оның жекелеген мекемелерін жалға алу ақысына Тапсырыс құнының жалңа алу эквивалентіне тең баға қосылуы мүмкін.



4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

8. Орындаушы:
Ас мәзіріне қарай отырып Тапсырыс берушіге тағамдар мен сусындардың бағасы туралы ақпарат беруге, сондай-ақ, Мейрамхананың жекелеген мекемелерін жалға алу, жалға алудың шарттары мен құны туралы ақпарат беруге міндеттеледі.
9. Тапсырыс беруші:
1) қажет болған жағдайда, таңдалған тағамды дайындау үшін тапсырыс жасауға;
2) Орындаушының тауары мен қызметі үшін ақысын төлеуге;
3)Мейрамхананың мүлкін, жиһазы мен ыдыс-аяғын бүлдірмеуге;
4) Мейрамхананың жекелеген мекемесін пайдалана отырып жасайтын кез келген әрекеті үшін толық жауапкершілік алуға міндетті.

10.Орындаушының құқықтары:
1) Өз ыңғайына қарай отырып, қызметі мен тауары үшін Тапсырыс берушіге жеңілдік жасап, бонус беруге;
2) Кейбір тағам мен сусынның жоқтығына байланысты Тапсырысты орындаудан бас тартуға, сондай-ақ, басқа Тапсырыс беруші бронь жасап қойса, Мейрамхананың жекелеген мекемелері мен орындарын жалға беруден бас тартуға құқылы.
11. Тапсырыс берушінің құқықтары:
1) Орындаушының жұмысына араласпай, Орындаушының тауарлары мен қызметтерін пайдалануға;
2) Орындаушының тиісті сападағы тауарлары мен қызметтерін пайдалануға құқылы.




5. Қызметтердің құны мен есеп жүргізу тәртібі

12. Орындаушының тауары мен қызметтерінің бағасы Мейрамхананың мәзірінде жазылған.
13. Төлем жасау тәсілдері:
- тапсырысты алған кезде қолма-қол ақшамен төлеу;
- тапсырысты алған кезде банк картасымен төлеу;
- басқа да қолма-қол емес төлем түрлерін пайдалану.



6. Тауарды кері қайтару
14. Тапсырыс беруші Орындаушының тиісті сападағы тауарлары мен қызметтерінен бас тарта алмайды.




7. Тараптардың жауапкершілігі, дауларды шешу жолдары

15. Тапсырыс беруші Орындаушыға Офертада көрсетілген мақсаттар үшін оның жеке деректерін (аты, телефон нөмірі) өңдеуге (жинау, сақтау, жүйелеу, біріктіру, жаңарту, тарату) келісімін береді.

16. Орындаушы Тапсырыс берушіден алған ақпаратты жария етпеуге міндеттеледі.
17. Тапсырыс беруші кез келген уақытта Орындаушыға телефон арқылы хабарласа отырып, оның жеке мәліметтерін өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алуға құқылы.
18. Тапсырыс беруші қызмет сапасын жақсарту үшін телефон әңгімесін жазуға келісім береді.
19. Осы Офертадағы міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес жауапкершілік тартады.
20. Осы Офертаны орындау кезінде Тараптар арасында туындаған кез келген даулы мәселелер келіссөз жүргізу арқылы шешіледі, ал, Тараптар келісе алмаған кезде мәселе тиісті заңнамаға сәйкес сот арқылы шешіледі.

8. Офертаның мерзімі

21. Осы Оферта Тапсырыс беруші Мейрамханаға келген кезден, немесе телефон арқылы тапсырыс берілген сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттерін толық орындағанша күшінде болады.



9. Форс-мажор

22. Егер форс-мажор болған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік органдардың осы Оферта шарттарын орындауға кедергі келтіретін заңнамалық актілер қабылдаса, Тараптар осы Оферта бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте осы Оферта бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажор жағдай мен оның салдары жойылғанға дейін кейін шегеріледі.





10. Басқа да шарттар

23. Осы Офертада көзделмеген өзге барлық жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаларына сүйене отырып, әрекет етеді.
24. Орындаушы осы Оферта бойынша қызмет көсету тәртібін, қызметінің құны мен төлем тәсілін өзгертуге құқылы.



11. Орындаушының мекен-жайы мен реквизиттері
«ГЕНЕЗИС ГУРМЭ» ЖШС
Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 29 үй, 1 кеңсе
Телефон:
БИН 220640033210
«Kaspi Bank» АҚ
БИК: CASPKZKA
КБЕ: 17
Есепшот нөмірі: KZ62722S000016574280