QAZAQ GOURMET мейрамханасында жабық іс-шаралар өткізуге болады.
8 адамға арналған ыңғайлы залдар бар. Бұндай залдардың басты ерекшелігі – қонақтарға ыңғайлы болу үшін ұлттық нақыштағы дөңгелек үстелдер қойылған.

Жақындарыңызды ғана шақырып, отбасылық іс-шара өткізу үшін “Дәстүрлі қазақша” VIP-залы тамаша таңдау болады. Бұндай VIP-залдың іші киіз үйдің ішіне ұқсайды. Яғни, ең жақын адамдар жиналып, отбасы үшін маңызды деген мерекелерді атап өтетін орын. Мәселен, қалыңдықтың ата-анасымен танысатын, болмаса, сырға салу, тұсаукесер рәсімдерін өткізетін немесе ас беруге болатын жер.

Депозит енгізу жүйесі бар (оферта келісімшарты)
Ал, бизнестегі кездесулер, шеберлік сағаттар мен іскерлік келіссөздер өткізу үшін «Еуропалық стильдегі» VIP-залды таңдаған дұрыс. Бұл залда қазақ халқының аңшылық көңіл-күйі көрініс тапқан. Декорация үшін қолданылған элементтер бизнес-идеялар мен өзге де мәселелерді талқылауға таптырмайтын атмосфера сыйлайды.
Залға 16 адам кеңінен сыяды.
Депозит енгізу жүйесі бар (оферта келісімшарты)