Құпиялық саясаты мен жеке мәліметтерді өңдеу

Осы құпиялық саясаты мен жеке мәліметтерді өңдеу саясаты https://qazaqgourmet.kz/ (бұдан әрі - Оператор) сайтының жеке және өзге де мәліметтерін пайдалану және өңдеу тәртібін реттейді. Осы Құпиялық саясатының қазіргі мәтіні Ғаламтордағы https://qazaqgourmet.kz/ сайтына салынған және танысу үшін үнемі қолжетімді болады.
Сайт арқылы Операторға жеке және өзге де мәліметтерін берген Қолданушы осы Құпиялық саясатында жазылған шарттар негізінде өзінің мәліметтерін пайдалануға келісім береді.

Егер пайдаланушы осы Құпиялық саясатының шарттарымен келіспейтін болса, ол Сайтты пайдалануын тоқтатуы керек.
Пайдаланушының сайтты ашуы осы Құпиялық саясаттың сөзсіз акцепті болып саналады.

1.ТЕРМИНДЕР

1.1. Сайт дегеніміз - Ғаламтордағы https://qazaqgourmet.kz/ мекен-жайына салынған сайт.

Сайт пен оның жекелеген элементтерінің (бағдарлама, дизайнын қоса алғанда) толық иесі – Оператор. Осы Құпиялық саясаты пайдаланушыға ерекше құқық бермейді.

1.2. Пайдаланушы дегеніміз — Сайтты ашып, көріп отырған адам.

1.3. Заңнама — Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы.

1.4. Жеке мәліметтер дегеніміз – Сайттың функциясын пайдалана отырып, оған тіркелген кезде немесе Сайтты пайдалану кезінде өз еркімен ұсынатын Пайдаланушының жеке мәліметтері.

1.5. Мәліметтер дегеніміз – Пайдаланушы туралы өзге де мәліметтер (Жеке мәліметтер деген ұғымға жатпайтын түсініктер).

1.6. Тіркелу дегеніміз – сканерленген құжаттарды жіберу және тиісті мәліметтерді көрсету арқылы Сайтта орналасқан Тіркеу формасын толтыру.

1.7. Тіркелу формасы дегеніміз – Сайтты толық пайдалану үшін Пайдаланушы толтыруы тиіс сайттағы тіркелу формасы.


1.8. Қызмет(тер) дегеніміз – келісім негізінде Оператор ұсынатын қызметтер.
2. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ

2.1. Оператор өз Қызметтерін ұсыну үшін және Пайдаланушымен қарым-қатынас орнату үшін ғана керекті Жеке мәліметтерді жинап, сақтайды.

2.2. Жеке мәліметтер төмендегі мақсаттарға пайдаланылады:

2.2.1 Пайдаланушыға қызмет көрсету үшін;

2.2.2 Пайдаланушы идентификациядан өткізу үшін;

2.2.3 Пайдаланушымен қарым-қатынас орнату үшін;

2.2.4 Пайдаланушыға жарнамалық материалдар, ақпарат пен сұраныстар жіберу үшін;

2.2.5 статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу үшін;

2.3. Оператор соның ішінде төмендегі мәліметтерді өңдейді:

2.3.1 тегі, аты және әкесінің аты;

2.3.2 электронды поштаның мекен-жайы;

2.3.3 телефон нөмірлері (соның ішінде, ұялы телефон нөмірі.
2.4. Пайдаланушының Сайтқа үшінші адамдардың жеке мәліметтерін жазуына тыйым салынады (үшінші тұлғаның осындай әрекет жасау үшін берген құжат жүзіндегі келісімін есептемегенде).

3. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ӨҢДЕУ ТӘРТІБІ
3.1. Оператор жеке мәліметтержі Қазақстан Республикасының «Жеке мәліметтер туралы» заңы мен Оператордың ішкі құжаттарына сәйкес пайдалануға құқылы.

3.2. Пайдаланушының Жеке мәліметтері мен өзге де мәліметтері бәріне ортақ болмаса, құпия сақталады.
3.3. Оператор Жеке мәліметтердің мұрағаттағы көшірмелерін сақтауға құқылы.

Оператор Жеке мәліметтер мен Мәліметтерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі серверлерде сақтауға құқылы.

3.4. Оператор Пайдаланушының Жеке мәліметтері мен Мәліметтерін Пайдаланушының келісімін алмай мына тараптарға бере алады:

3.4.1 олардың негізді сұрауы бойынша мемлекеттік органдарға, соның ішінде, тергеу органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына;

3.4.2  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда үшінші тарапқа бере алады.

3.5.Оператор осы Құпиялық Саясаттың 3.4 пунктінде көрсетілмеген үшінші тұлғаларға Жеке мәліметтер мен өзге де мәліметтерді мына жағдайларда бере алады:

3.5.1 Пайдаланушы осындай әрекет жүргізуге өзі келісім берсе;

3.5.2 Пайдаланушы Сайтты пайдаланғандықтан немесе Пайдаланушыға Қызметтер ұсыну негізінде жеке мәліметтерді беру қажет болса.
3.6. Оператор Жеке мәліметтер мен Мәліметтерді автоматты түрде өңдей алады.

4. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚОРҒАУ

4.1. Оператор Заңнамаға сәйкес, Жеке және өзге де мәліметтерді тиісті деңгейде қорғап, Жеке мәліметтерді қорғау үшін техникалық шаралар қабылдайды.

4.2. Жеке мәліметтерді қорғау үшін қабылданып жатқан шаралар Жеке мәліметтерді заңсыз пайдаланбауға, соның ішінде, үшінші тұлғалардың Жеке мәліметтерді жойып, өзгертіп, бұғаттап, көшіріп, таратып жібермеуіне мүмкіндік жасайды.

5. ӨЗГЕ ДЕ ЕРЕЖЕЛЕР

5.1. Осы Құпиялық саясаты мен Пайдаланушы және Оператор арасындағы қарым-қатынасқа Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға болады.

5.2. Осы Келісімнен туындайтын даулардың бәрі Оператор тіркелген жердің қолданыстағы заңы арқылы шешуге жатады.

Сотқа жүгінгенбей тұрып, Пайдаланушы сотқа дейінгі тәртіптерді сақтауға және тиісті талапты Операторға жазбаша түрде жіберуге міндетті. Шағымға жауап беру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.


5.3. Егер қандайда бір себептерге байланысты Құпиялық Саясаттың бір немесе бірнеше ережесі заңсыз деп танылса немесе заңдық күші жоқ деп танылса, ол Құпиялық саясаттың өзге ережелерінің қолданылуына кедергі жасамайды.
5.4. Оператор кез келген уақытта Пайдаланушымен алдын ала келіспей-ақ, Құпиялық саясатын (толық немесе ішінара) біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Барлық өзгертулер Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.


5.5. Пайдаланушы Құпиялық саясаттың қазіргі мәтінімен таныса отырып, Құпиялық саясаттың өзгерістерін өздігінен бақылап отыруға міндеттеледі.

5.6. Осы Құпиялық саясатқа қасты ұсыныстар мен өзге де мәселелерді электронды пошатаға немесе ________________ телефон нөміріне хабарлау керек.